|
Поиск по сайту
Авторизация
ПОГОДА В ТАРАЗЕ
ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ
div>
Статистика
Хиты
2501881
433
Хосты
279778
72
Посетители
538782
186
2
|
ЦОНы города ТаразаЦОНы города Тараза
Сіздің хатыңызға сәйкес Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету орталығының №1 филиалы төмендегідей мәлімет жолдайды: 1) Жамбыл облысы ХҚКО-ғы №1 филиалының мекен-жайы: Тараз қ., Төле би №69 2) ХҚКО №1 филиал жетекшісі - Ә. Айтқұлұлы, байланыс телефоны:43-56-99. ХҚКО №1 филиал операция залы бастығының м.а. – Б.А Жұмағалиев, байланыс телефоны: 43-36-80. 3) Нормативті-құқықтық қор №1 электронды қосымшаға сәйкес; 4) ХҚКО №1 филиал басшылығы азаматтарды күн сайын сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін қабылдау жүргізеді; 5) мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініштердің үлгілері №2 электронды қосымшаға сәйкес; 6) ХҚКО өтініштерді қоса берілген құжаттарымен уәкілетті органға және кері қарай жеткізуді осы құжаттар қабылданған күні курьерлік байланыс арқылы күніне 2 рет жүзеге асырады. 7) ХҚКО-ғы №1 филиалымен 2009 жылы – 38 308 құжат қабылданып, 38 207 арыз орындалған, ал 2010 жылдың 6 айында 20 041 құжат қабылданып, 22 373 арыз орындалған. ХҚКО №1 филиал қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) тұтынушылар тарапынан шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе ХҚКО №1 филиал кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қабылданған шағым ХҚКО-ғы №1 филиал ақпараттарды есепке алу журналында тіркеледі және түскен уақытынан бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеру жүргізу қажет болған жағдайда күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Қаралған шағымдардың нәтижесі туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. Жамбыл облысы ХҚКО-ғы №1 филиалының анықтама телефоны: 43-36-80, Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметі: Call-Centre 58-00-58. 8) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында Жамбыл облысының ХҚКО-ғы №1 филиалының жалпы 2010 жылдың I жарты жылдығында 6 іс-шаралар ұйымдастырылған, ресми басылымдарда 2 мақала жарияланған, радиоторап арқылы 4 хабарлама жарияланса, жергілікті телеарна 3 сұхбат берілді (мақалалар №3 электронды қосымшаға сәйкес).
Жамбыл облысы ХҚКО №1 филиал жетекшісінің м.а. Б. Жұмағалиев |