|
Поиск по сайту
Авторизация
ПОГОДА В ТАРАЗЕ
ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ
div>
|
Дорожная картаЖОЛ КАРТАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
15.05.2009 ПОСТАНОВЛЕНИЕ № 359 Об утверждении плана мероприятий по исполнению плана действий Правительства Республики Казахстан по реализации Послания Главы государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года «Через кризис к обновлению и развитию» (Дорожной карты)по городу Тараз
Ход работы над Дорожной картой
ФОТОГРАФИИ 2009-2010 жылдары «Жол картасын» жүзеге асыру мақсатындағы Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы а қ п а р а т
Инвестициялық бағыттағы жұмыстарын жүзеге асыру бойынша : 2009 жылы жалпы қала бойынша 60 индустриялы-инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 3 564,0 млрд.теңге қаражат қарастырылып, 7113 жұмыссыз азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, 80 пайыз (5685)жұмыс орнын жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыз азаматтардың қатарынан іске асыру міндеттелген болатын. Біздің тарапымыздан медігерлермен 60 келісім шарт жасалынып, белгіленген объектілерге 4980 жұмыссыз азаматтар жұмысқа жіберілді. 2010 жылы қала бойынша 76 (оның ішінде 44-і жергілікті жерлерде жолдарды жөндеу және құрылыс жұмыстары бойынша, 13-і мектеп, аурухана, мәдениет және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары бойынша, 19-ы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесі су, жылу, электрмен қамтамасыз ету, канализация, көгалдандыру бойынша) индустриялы-инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 2596 жұмыссыз азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Кадрларды дайындау және қайта даярлау жұмыстарын іске асыру бойынша: Өткен 2009 жылы Жол картасын жүзеге асыру барысында кадрларды дайындау және қайта даярлауға 1975 жұмыссыз азамат кәсіптік оқытуға жоспар бойынша тартылды. - №1 Кәсіптік лицейде 275 адам - құрылыс жұмыстарының шебері, электромонтерлар, газэлектр пісіруші мамандығы бойынша; - №6 Кәсіптік лицейде 575 адам, оның ішінде 330 адам - «Казфосфат» ЖШС-нің жолдамасымен құрылыс жұмыстарының шебері, газэлектр пісіруші мамандықтары бойынша, 230 адам - шетелдік мамандарды алмастыру мақсатында қазақстандық кадрларды даярлауға; - №12 Кәсіптік лицейде 239 адам, оның ішінде 111 азамат «Қант» АҚ-ның жолдамасымен құрылыс жұмыстарының шебері, электромонтерлар, газэлектр пісіруші мамандықтары бойынша; - №13 Кәсіптік лицейде 115 адам - ағаш ұстасы мамандығына; - «Аспара» колледжіне – 173 адам - модельер пішуші, шаштараз, интерьер дизайнер мамандығына; - Медициналық колледжіне – 13 адам біліктілігін арттыруға - Тараз мемлекеттік университетіне -585 адам жолданды. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту мерзімі 3 ай және оларға мемлекет тарапынан ай сайын 7500 теңге шәкіртақы төленді. 2010 жылға Тараз қаласы әкімдігі және Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арасындағы 2010 жылдың регионалдық стратегиясын және қайта даярлауды жүзеге асыру мақсатындағы жасалынған Келісімге сәйкес 425 жұмыссыз азаматты кәсіптік оқытуға тарту жоспарланған. Биылғы жылы да кәсіби оқыту мерзімі 3 ай және оларға мемлекет тарапынан ай сайын 7500 теңге шәкіртақы төленеді. Бүгінгі күні барлығы 375 жұмыссыз азамат оқытылып жатыр. Оның ішінде: - №1 Кәсіптік лицейде 50 адам - ЭВМ операторы және аспазшы мамандығы бойынша; - №6 Кәсіптік лицейде 100 адам - құрылыс жұмыстарының шебері, электргазбен дәнекерлеуші, аспазшы және электромонтер мамандықтары бойынша; - №12 Кәсіптік лицейде 50 адам - аспазшы, газэлектрдәнекерлеуші мамандығы бойынша; - №13 Кәсіптік лицейде 75 адам - ЭВМ операторы, аспазшы, ағаш ұстасы мамандығы бойынша; - «Аспара» колледжінде 75 адам - шаштараз және тігінші мамандығы бойынша; - «Абай» атындағы гуманитарлық колледжінде 25 адам - тәрбиешінің көмекшісі мамандығы бойынша.
Жастар тәжірибесін іске асыру бойынша: Жастар тәжірибесі – жоғары және арнайы орта оқу орындарын бітірушілерді мемлекет тарапынан колдау болып табылады. Алты ай бойы мемлекет тарапынан жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысының 100 пайызын төленеді. 2009 жылы Жол картасын іске асыру мақсатында «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру үшін мемлекеттік бюджеттен 83,8 млн. теңге бөлініп, қаладағы мекемелер мен кәсіпорындарға 1300 жас түлек жастар тәжірибесіне тартылды. Олардың ішінен тәжірибеден өтіп жатқан мекемелерінде 100 ден аса жас түлек тұрақты жұмыстарға орналасты. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы ай сайын 15000 теңге көлемінде республикалық бюджеттен төленеді. Жұмыс беруші «Жастар тәжірибесі» қатысушысына өз есебінен қосымша еңбекақы төлеуіне болады. Биылғы 2010 жылда Жол картасының «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 153,6 млн. теңге бөлініп, қаладағы мекемелер мен кәсіпорындарға 1280 жас түлекті жастар тәжірибесіне тарту жоспарланып отыр. Осыған орай, бөлім тарапынан қаладағы жоғары және арнайы орта оқу орындарын бітіретін түлектер бойынша талдау жасалынып, нәтижесінде үстіміздегі жылы қалада барлығы 6052 түлектің, оның ішінен: - 2416 білімгер жоғары оқу орындарын; - 3064 білімгер арнайы орта оқу орындарын; - 572 білімгер алғашқы кәсіптік оқу орындарын аяқтап диплом алатындары анықталды. Бүгінгі күнде 318 жас түлек 102 қала мекемелерінде тұрақты жұмысқа қалу шартымен жұмыс атқаруда. Олардың басым бөлігі қала мектептері мен балабақшаларында тәжірибелерін нақтыласа, қалғандары әділет басқармаларында, ішкі істер және салық басқармаларында, сондай-ақ зейнетақы төлеу орталығында жұмыстар атқарып жүр. Олардың ішінен келісім шарт мерзімінің аяқталмағанына қарамастан қазірдің өзінде тәжірибе өтіп жатқан мекемелерінде тұрақты жұмысқа ауыстырылғандары да бар. Биылғы жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы 20000 теңге деп белгіленген. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу жұмыстарын іске асыру бойынша: Аталған бағыт нысаналы топқа жататын азаматтар және жоғары, орта арнайы оқу орындарын бітірушілерді жұмыспен қамтылуына бағытталған. Әлеуметтік жұмыс орнына қатысушы жұмыссыздардың 15000 теңге жалақысы республикалық бюджеттен бөлінеді. Жұмыс беруші өз мүмкіндігіне қарай әлеуметтік жұмыс орнын құруда жұмысшының еңбекақысының үлесін белгілейді. 2009 жылы Жол картасы бойынша әлеуметтік жұмыс орынын ұйымдастыру үшін мемлекеттік тарапынан 171,5 млн теңге бөлінген. Қаладағы мекемелерімен және кәсіпорындарымен 200 келісім шарт жасалынып, онда 2225 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. 2010 жылға Жол картасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 87,0 млн теңге бөлініп, қалада 725 әлеуметтік жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Осыған орай, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді комиссияда қарауда және келісім шарт жасасуда тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерге көбірек көңіл бөлінуде. Аталған комиссияның 4 отырысында 105 мекемеден 1241 әлеуметтік жұмыс орындарына сұраныстар қаралды. Қазіргі таңда комиссияның шешімімен қаладағы 38 мекемеде ашылған 390 әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың қатарынан 372 жұмыссыз азамат жолданып, жұмыс атқаруда. Биылғы әлеуметтік жұмыс орнына қатысушы жұмыссыздардың жалақысы 20000 теңге көлемінде белгіленіп отыр.
Ақылы қоғамдық жұмыстарын жүзеге асыру: Тараз қаласының 2009 жылға арналған бюджетінде бұл мақсатқа бөлінген қаражат 170 млн. теңге (оның ішінде 90,0 млн.теңгесі облыстық бюджет есебінен). Есептік кезеңде 1739 жұмыссыз аэамат ақылы қоғамдық жұмыстарға қатыстырылды. Оның ішінен 965 адам «Жасыл Тараз» МКК-ны арқылы қаланы санитарлық тазалау және көркейту жұмыстарына, 694 адам полиция қызметкерлеріне көмекшілікке, 10 психолог мамандары Тұрғын үй МКК-на, 10 спорт инструкторлары дене шынықтыру және спорт бөліміне, 29 адам Тараз Су МҚК-на есептегіш құралдарды орнатушыларға көмекшілікке, 30 адам басқа да мекемелерге жолданып жұмыстар атқарды. Қала әкімінің 22.12.2009 жылғы №987 «2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы бойынша 2010 жылға қалалық бюджеттен барлығы 80,0 млн теңге бөлінген. Бөлінген қаражаттың көлеміне қарай мақсатты топтардан 220 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмысқа қатысуы тиіс. Аталған қаулыға сәйкес олардың 204-і «Жасыл Тараз» МКК-да (25 мың теңге еңбек ақысымен) және басқа да мекемелерде (20 мың теңге еңбекақысымен) қоғамдық жұмыс атқарады деп белгіленген. Осыған орай, жыл басынан 245 адам қоғамдық жұмыстарға қатысуда. Біздің тарапымыздан қаланы санитарлық тазалау және көркейту жұмыстарына жолданған және басқа да мекемелерге жолданғандар апта сайын тексеріледі және олардың есебі жүргізіліп отырады. |